Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Ал "жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана бар.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 2801 адамнан коронавирус анықталған еді. Тағы 4386 адам індеттен айықса, 73 адам коронавирустан қайтыс болған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмония диагнозы 24 адамға қойылса, 10 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ тағы 10 адам аурудан көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931921-koronavirus-elimizdin-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel