Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда атыс пен жаппай төбелес болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Көкшетауда кезекті рет жаппай төбелес болды. Салдарынан жас жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полиция төбелеске қатысқан адамдарды іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласы Пушкин көшесіндегі дүкендердің бірінің жанында 13 қыркүйек күні күндізгі уақытта атыс болды. Бұл туралы полицияға сағат түскі екілер шамасында хабарланды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды.

Айта кетерлігі, төбелес болған аймақ - адамдар көп жүретін жерлердің бірі. Белгілі болғандай, төбелес кезінде бір адам сол аяғынан пышақ жарақатын алған. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамдарды іздестіруде.

"Алдын ала болжам бойынша, олар травматикалық тапанша қолданған болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", - деп түсіндірді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көкшетаудағы ойын-сауық мекемесінің жанында өзге жаппай төбелес болғаны туралы хабарланған болатын.

Тәртіп сақшылары ғимаратта 19 бен 23 жас аралығындағы жігіттер болғанын анықтады. Олардың бірі мас күйде екінші бір жігіттер тобына барып, жанжал шығарған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында жанжал қатысушылары оқиға орнында ұсталған. Оқиға орнынан төрт адам полицияға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931932-koksetauda-atys-pen-zappai-tobeles-boldy/

pixel