Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аты бар да, заты жоқ": Күршімде жарты млрд теңгеге салынған бассейн қолдануға жарамсыз

Опубликовано:

бассейн
Көрнекі фото: Pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жарты млрд теңгеге салынған бассейн сапасыз болып шықты деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Былтыр бассейн ашылғанда аудан атқамінерлері ардагерлер мен сал ауруына шалдыққан балалар тегін шомылатынын айтқан еді. Алайда арада он ай өтсе де, халық әлеуметтік нысанның игілігін көре алмай отыр.

Үгітіліп жатқан цемент мен қаңылтыры қопарылған бассейн салынғанда, ерекше қуандардың бірі Әсел Рамазанова. Себебі сал ауруына шалдыққан баласына судағы ем-шараның бірнеше түрін жасайды.

Алайда оның қуанышы ұзаққа созылмады. Өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген нысан сол беті тұр. Жалғызбасты ана кембағал баласын жазда үйінің ауласындағы шағын бассейінде түсірген. Енді күн суытқан соң не істерін білмей отыр.

"Менің балама күнде қажет. Өйткені оның сүйектері пластикалық ауруға шалдыққан. Аралас сал ауруына шалдыққан. Сондықтан менің балам күнделікті суда дайындалып, оңалтудан өту керек. Содан кейін бір мәселе жүзу бойынша нұсқаушы келіп, жұмыс істесе деп едік. Ол да жоқ. Бұйыртқан күні болады", - деді Әсел Рамазанова.

Бұйыртқан күнді Әселмен бірге талай адам күтіп жүр. Тұрғындардың сөзінше, нысан ашылғанда ғана су толтырған. Одан соң ешкім түспепті.

"Аты бар да, заты жоқ болып қалды. Сыртынан қарағанда әрине қуанышты. Ішінде бір уыс су жоқ. Онда ешқандай құрылыс бітпеген. Суы қайда ағады? Олар өткізгенде мұның жүйесін мамандарға көрсету керек еді", - деді зейнеткер Нұрбек Байтұрсынов.

Бассейнді Күршім ауданы әкімдігі салғызған. Бірақ биыл қаңтар айынан бастап аудан, ауылдағы білім мен спортқа қарасты нысандар облыстық басқарманың басқаруына өткен.

"Сапасын беретін авторлық қадағалау бар. Техникалық қадағалау бар. Ол кісілер қол қойылғаннан кейін қабылданып тұр", - деді Күршім ауданының әкімі Дулат Қаженов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931977-aty-bar-da-zaty-zoq-kursimde-zarty-mlrd-tengege-salyngan-bassein-qoldanuga-zaramsyz/

pixel