Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоңазытқышты тасудың ерекше тәсілін тапқандар желідегілердің көңілін көтерді

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Оқиға орны. Видеодан алынған кадр: instagram.com/qumash_kz

Ақтөбеде куәгерлер көліктің жүксалғышына сыймай қалған тоңазытқышты тасудың ерекше әдісін тапқан жандарды видеоға түсіріп алған. Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеодан жүріп бара жатқан көліктің жүк салғышында техниканың бір бөлігі тұрғанын, ал екінші шетінен ер адамның ұстап бара жатқанын көруге болады.

"Ақтөбе тұрғындары "Газельдің" көмегіне мұқтаж емес нағыз достықтың куәгері болды", "Дос көшкен кезде сыналады деген сөз бекер айтылмаған екен", – делінген видео жазбаның сипаттамасында.

Мұндай ерекше тәсіл желі қолданушыларының да көңілін көтерген.

"Нағыз достық осындай болу керек", "Ақтөбе – ғажайыптар қаласы", "Негізі Priora жүріп келе жатқан жоқ, мына жігіттің мықтылығы сол – көлікті тоңазытқышымен бірге итеріп келеді", "Мен барлығына осы жігіттің омыртқасындай берік достық тілеймін", – деп әзілдесті желідегілер.

Ал видеоға қатысты пікір білдірген Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жаяу жүргіншінің жол бойындағы мұндай әрекеті заңбұзушылық болып табылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін оның жеке басы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932025-tonazytqysty-tasudyn-erekse-zolyn-tapqandar-zelidegilerdin-konilin-koterdi/

pixel