Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тұрғындар жолды жапты (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: Kozachkov offside

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы, Меркі ауылында жолды жапқан тұрғындардың видеосы таралуда. Бұл жайтқа қатысты жергілікті әкімдік пікір білдіріп, мән-жайды баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін Жамбыл облысы Меркі ауылында жергілікті тұрғындар жолды жапты. Олардың айтуынша, әкім базарды көшіру туралы шешім қабылдаған", – делінген Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланған видео сипаттамасында.

Бұл жайтқа қатысты Меркі ауылдық округінің әкімдігі пікір білдірді.

Әкімдіктің мәліметінше, 14 қыркүйекте "Меркі" мен "Хан" базарларының кәсіпкерлері базарды жаппауды талап етіп, жүгінген.

Әкімдіктің дерегінше, бұл нысандар Торғаев көшесінің бойында орналасқан және базар жанында ретсіз орналасқан сауда-саттық орындары пайда болған. Нәтижесінде базар маңы қоқысқа толып, антисанитарлық жағдай орын алған.

Сонымен қатар, тұрғындар бұл жердегі көлік кептелісіне де наразылығын білдірген. Сондықтан қақпаны батыс жаққа ауыстыру жоспарланған екен. Әкімдік базардың жаңа қақпасына апаратын жолға асфальт төселгенін, бағдаршам қойылғанын, одан бөлек ол жерде автотұрақ барын жеткізді.

Әкімдіктегілер базарды жабу туралы әңгіме болмағанын, тек батыс қақпаны ашу бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін де айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932039-zambyl-oblysynda-turgyndar-zoldy-zapty-video/

pixel