RU

"Өлтіріп қоюы мүмкін еді": Теміртауда бір жігітті аяусыз сабаған сәт видеоға түсіп қалды

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: куәгерлер

Теміртауда жастар арасында жанжал видеоға түсіп қалды. Бұл жайтқа қатысты Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Кадрдан Теміртаудағы Тәуелсіздік алаңында ондаған жігіттің жүргенін, кейбірінің жерде жатқан жігітті аяусыз ұрып жатқанын байқауға болады. Бірінің қолында тіпті, таяқ болған.

Желі қолданушылары егер куәгерлер араша түспегенде, жас жігітті өлтіріп қоюы мүмкін екенін айтады.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, бейнематериалды зерттегенін хабарлады.

Оған қоса, ведомство бұл факт бойынша ешкім полицияға шағымданбағанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта Теміртау полиция басқармасының Ескі қала полиция бөлімінде қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицейлер жедел іс-шаралар барысында жанжалдың шығуына себеп болған 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Бозбала өз кінәсін толық мойындады.

Полиция қызметкерлері жанжалдың қалған қатысушылары мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – деп атап өтті ведомстводан.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар! Видео 18 жасқа толмаған адамдарға, жүкті әйелдерге және психикасы тұрақсыз адамдарға көруге ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932042-temirtauda-zastar-arasyndagy-tobeles-videoga-tusip-qaldy/