Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 айлық балаға 8 жасар ағасы сүт берген: Ақсуда үш баласын үйіне қамап, кетіп қалған әйел жазаланды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысы Ақсу қаласында күні бойы үйде қамалып, аш отырған үш бала құтқарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, үш баланың анасы бұған дейін де ата-аналық міндеттерін орындамауына байланысты полицейлердің деректер базасына енгізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

Сондай-ақ, әйел де, оның азаматтық некедегі күйеуі де істі болғаны анықталып отыр. Сол себепті, тәртіп сақшылары 27 тамызда кешкі уақытта балалардың жағдайын тексеру үшін әйелдің пәтеріне келген. Олар есікті қаққанда, іштегі балалар жалғыз екендерін айтқан.

"Полицейдің сұрағына балалардың үлкені жауап қатты. Ол анасы таңертең оларды үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап, кетіп қалғанын айтты. Әйелдің қайда жүргенін ұзақ уақыт анықтау мүмкін болмағасын, полицейлер ТЖ қызметкерлерін шақырып, есікті бұзып кірді", - дейді полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары тексеріс барысында үйде үш бала күні бойы жалғыз болғанын, аш отырған екі айлық нәрестені сегіз жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандыруға мәжбүр болғанын анықтаған.

Шашылып жатқан пәтердің тоңазытқышында тамақ емес тек ішімдік болған. Көршілер анасы баласын жиі жалғыз қалдырып кетіп отыратынын айтуда.

"Полиция қызметкерлері мен қамқорлық органдары кәмелетке толмаған балаларды бірден отбасынан алып кету туралы шешім қабылдады, олардың барлығы Павлодардағы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жайғастырылды, анасы түнгі 23.00 шамасында азаматтық некедегі күйеуімен бірге үйіне келді. Сұрастыру барысында ол Ақсу қаласынан Павлодарға ақша табу үшін кетіп қалғанын айтты", - деп толықтырды полициядан.

Бүгінгі таңда 34 жастағы әйел қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ата-ана құқығынан айыру-айырмау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932142-2-ailyq-balaga-8-zasar-agasy-sut-bergen-aqtauda-us-balasyn-uiine-qamap-ketip-qalgan-aiel-zazalandy/

pixel