RU

Шымкентке ұшып бара жатқан ұшақта жолаушы әйел көз жұмды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

QAZAQ AIR әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақ салонында әйел жолаушының қайтыс болғанын растады деп хабарлайды Қазақпарат.

Компания баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте болған.

"Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді", - деп баяндайды оқиға туралы компания.

Ақыры ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған.

Компания дерегінше, экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырған.

"Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер "өлім" туралы ресми хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932165-symkentke-usyp-bara-zatqan-usaqta-zolausy-aiel-koz-zumdy/