Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина "Отбасы банк" ұсынатын тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын қайта қарастыруды сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәрдемақыны отбасылық кіріске қосу

Депутаттың сөзінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша үй алу үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінен түскен зейнетақы жинағы бойынша отбасылық кірісті растау қажет.

Төлем қабілеттігін растауда ең көп "Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы" санаты қиындық көреді.

"Мәселен жалғызбасты ана мүгедек баласын тәрбиелеп отыр делік. Оның ресми жұмысы жоқ, зейнетақы жинағы да жоқ, тиісінше ол бұл бағдарламаға қатыса алмайды, тіпті төлем төлеуге қабілетсіз болғандықтан, қосалқы қарыз алушыны да тарта алмайды. Мұндай отбасыда қандай кіріс болуы ықтимал. Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін 1,4 күнкөріс деңгейі, яғни 48 023 теңге ғана төленеді", - деді халық қалаулысы вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.

Оның үстіне, Айгүл Нұркина сөзінше, жалдамалы пәтерде тұратын мұндай отбасы жәрдемақысын сол үйдің ақысын төлеуге жұмсауға мәжбүр.

"Осыған байланысты бұл санаттағы адамдардың табысына жәрдемақыны қосу мүмкіндігін қарастыру керек деп санаймыз. Бұл келешекте қосалқы қарыз алушыны тартуға септігін тигізеді", - деді ол.

Жетім балалар

Сонымен қатар депутат жетім балаларды баспанамен қамту мәселесін қозғады.

Оның мәліметінше, соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек 3 мыңға жуық адам баспана алды. Ал "жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша үй кезегінде 59 мыңнан аса адам тұр.

"Бұл санаттағы азаматтар, сонымен қатар, халықтың әлжуаз тобына да жатады. Оларға кәдімгі ипотека шарттарымен пәтер алу қиын", - деді Айгүл Нұркина.

Сол себепті мәжіліс депутаттары "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушылары тізіміне жетім балаларды да қосуды ұсынды.

"Шаңырақ" бағдарламасы

Оның сөзінше, "Отбасы банктің" танымал бағдарламаларының бірі – "Шаңырақ" жобасы. Оның басты шарты – өтініш берушінің кірісі әр отбасы мүшесіне шаққанда 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетпеуі керек. Дәл осы талап бағдарламаға бюджет саласы қызметкерлерінің қатысуына мүмкіндік бермейді.

"Себебі мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл басынан бері мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті, алдағы үш жылда тағы артады. Бұдан бөлек, пандемияға байланысты дәрігерлер мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайды. Осыған байланысты "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасын 2025 жылға дейін іске асыру, қатысушылар үш ең төменгі күнкөріс деңгейін ұлғайту қажет деп санаймыз", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932172-deputat-turgyn-ui-bagdarlamalaryna-ozgeris-engizudi-usyndy/

pixel