Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы вакцина салдырды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында тұмауға қарсы вакцина салдырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Жыл сайынғы дәстүрге айналған тұмауға қарсы екпені салдырдым. Өткен жылы екпе салдырғаннан кейін суық тиіп ауырған жоқпын", - деді министр.
Сонымен қатар, Алексей Цой бүгіннен бастап Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салдыру басталғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932177-densaulyq-saqtau-ministri-aleksei-coi-tumauga-qarsy-vakcina-saldyrdy/