Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда аялдамада болған апатқа қатысты тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан алынған кадр: Kozachkov offside

Бүгін таңертең Тараз қаласында көлік жүргізушісі аялдамада тұрған бірнеше адамды қағып кетті. Жантүршігерлік апат туралы ақпаратты Жамбыл облысы полиция департаменті растады.

Тараздағы апаттың салдарынан екі адам шынымен де қайтыс болды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті басшысы Жанат Сүлейменов мәлімдеді.

Сейфуллин көшесімен Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін желіде жантүршігерлік апаттың видеосы пайда болған еді.

Кадрларда толық жылдамдықпен келе жатқан автокөліктің қарсы жолаққа қалай өтіп, аялдамада тұрған бірнеше адамды қағып кеткені көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932187-tarazda-ayaldamada-bolgan-apatqa-qatysty-tyn-derekter-paida-boldy/

pixel