Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында фермерді атып кетті

Опубликовано:

Атыс
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Исатай ауданында орын алған.

"Зинеден ауылының екі тұрғыны арасында өзара келіспеушілік болған. Ашуға бой алдырған 42 жастағы тұрғын аңшылық қарудан ауылдасына оқ атқан. 48 жастағы фермер оқиға орнында көз жұмған", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ауылдасын атып өлтірген тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанда белгілі дзюдошыны өлтіріп кеткенін хабарлаған едік. Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға спортшы мен оның 30 жастағы танысы арасында болған. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Расуловқа асүй пышағымен денесінің әр жерінен соққы жасап, салдарынан дзюдошы қайтыс болған.

Жастар арасындағы келіспеушіліктер дзюдошының бұған дейін танысына дәрумендер сатқанына байланысты туындапты. Танысы дәрумендерді қолданғаннан кейін денсаулығы нашарлап, салдарынан Расуловпен сөзге келген, деп түсіндірді қадағалаушы орган.

Күдікті ұсталды. Оған қатысты 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932189-atyrau-oblysynda-fermerdi-atyp-ketti/

pixel