Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде дәрігер күйеуімен бірлесіп жалған ПТР-тест жасап келген

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбеде коронавирусты анықтайтын ПТР-тестінің жалған нәтижесін жасап, сатқаны үшін медицина қызметкері мен оның күйеуі сотталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Медициналық орталықтың дәрігері мен оның күйеуі сот алдында жауап берген. Оларға коонавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-анықтаманың теріс нәтижесін жасап, сатты деген айып тағылған.

Олармен адамдар шекарада санитарлық бақылаудан өткен. Жалған құжат құны 7500 теңге болған.

Ерлі-зайыптылар өз кінәсін мойындаған. Үкім шығару кезінде жұбайлардың үш кішкентай баланы тәрбиелеп отырғаны ескерілген.

"Сот әрқайсына 200 АЕК-тен (555 600 теңгеден) айыппұл салды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда медицина қызметкері 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспортын жасағанын жазған едік.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емхана қызметкерінің заңсыз әрекетін анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакцинация" электрондық модуліне вакцина алғаны туралы жалған мәліметтер енгізген.

Осылайша, 15-тен аса адамға COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациядан өткені жайлы жалған электрондық паспорттар берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932190-aqtobede-dariger-kuieuimen-birlesip-zalgan-ptr-test-zasap-kelgen/

pixel