RU

Түркістан облысында 1 мыңға жуық той тарқатылып, 35 тойхана жабылған

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жыл басынан бері мобильді топтар мен полиция басқармалары тыйым салынған 821 отбасылық, мерекелік іс-шараның үстінен түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның жартысынан көбі қоғамдық тамақтану орындарында өткізілген. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыс бойынша СЭБ басқармаларына 69 шұғыл хабарлама түскен.

Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына карантин режимін бұзған 56 нысанның жұмысын тоқтату бойынша талап арыздар өткізілді. Соттың шешімімен 35 қоғамдық орындардың қызметі уақытша тоқтатылған. Қалған 21 талап арыз бойынша материалдар сотта қаралып жатыр.

Соңғы бір апта аралығында МТ және ПБ басқармалары қызметкерлері тарапынан 178 баянат тіркеліп, 70 айыппұл (барлығы жеке тұлғаларға) салынды. Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында орналасқан жеке кәсіпкерлік нысандарында өткізілген 5 мерекелік іс-шара бойынша баянаттар рәсімделген. Арыс, Қазығұрт, Отырар, Келес аудандарында бірде бір баянат жолданбаған.

Түркістан облысында карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтармен мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Жасақталған 131 мобильді топ жыл басынан бері 200 мыңнан астам нысанды аралап, аумақтық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан түскен баянаттары негізінде нысандар мен жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4 мыңнан астам хаттама толтырылды. 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932204-turkistan-oblysynda-1-mynga-zuyq-toi-tarqatylyp-35-toixana-zabylgan/