Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыпты айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушы Теміржан Күндолов пен Жазира Махановқа қатысты сот отырысы өтті. Оларға Қылмыстық кодекстің "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, ерлі-зайыпта жалған ПТР анықтамасын жасап, оны Қазақстан-Ресей шекарасынан өтетін адамдарға сатқан. Сөйтіп әр анықтаманы 7500 теңгеге жасап берген. Сот отырысында дәл осындай жолмен жалған құжат жасаған 12 эпизод қаралды. Сотталушы Т.Күндолов сотта өз кінәсін мойындады.

Ол 2020 жылдың қазан-қараша айлары арасында әр анықтаманы 7500 теңгеге сатқанын айтып берді. Сонымен бірге сотталушы Жазира Маханов та бар кінәсін мойындады.

"Теміржан Күндолов Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 200 АЕК көлемінде (555 000 теңге) айыппұл төлеу тағайындалсын. Жазира Маханова Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 200 АЕК көлемінде (555 000 теңге) айыппұл төлеу тағайындалсын", - деп жазылған үкімде.

Айыппұлды 15 күнде төлеу міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932264-aqtobede-zalgan-ptr-anyqtamasyn-satqan-erli-zaiyptyga-sot-ukimi-syqty/

pixel