СҚО-да шенеуніктер өздеріне 60 миллион теңгеге сыйлықақылар тағайындаған
Опубликовано:
СҚО-да шенеуніктерге барлығы 60 миллион теңгеге сыйлықақылар тағайындалған. Бұл ретте ең көп сыйлықақыны Қызылжар облыстық әкімдігінің 10 қызметкері алғаны анықталып отыр.
"Астана" телеарнасы хабарлағандай, тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметкерлердің өздері жергілікті бюджетті қайта бөлгенін және аудандық аппаратты ұстауға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанын мәлімдеген. Нәтижесінде, ондағы қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген соманы үш есе асырған.
Құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым қазірдің өзінде экономика және қаржы бөліміне жіберілгені және бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Іс бойынша барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
"Қызылжар облыстық экономика және қаржы бөлімі қызметкерлеріне 60,6 миллион теңге көлемінде негізсіз сыйақы төлеу жағдайы анықталды. Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ретінде бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өтінімдердің республиканың бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде атқармады. Сонымен қатар бөлімнің қосымша қажеттіліктері бойынша шығыстарының дұрыстығы мен негізділігі дәлелденбеген", - деп түсіндірді СҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932281-sqo-da-seneunikter-ozderine-60-million-tengege-syilyqaqylar-tagaiyndagan/