Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус бойынша 15 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтерді COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram каналында жария етті.
Ресми мәліметтерге сенсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 343 жағдайы тіркелген.
Нәтижесінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 851 661-ге жетіп отыр.
Оның ішінде өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 339,
Алматы қаласында - 704,
Шымкент қаласында – 122,
Ақмола облысында – 178,
Ақтөбе облысында - 240,
Алматы облысында - 278,
Атырау облысында - 96,
Шығыс Қазақстан облысында - 136,
Жамбыл облысында - 69,
Батыс Қазақстан облысында -122,
Қарағанды облысында - 463,
Қостанай облысында - 142,
Қызылорда облысында - 77,
Маңғыстау облысында - 57,
Павлодар облысында - 195,
Солтүстік Қазақстан облысында - 80,
Түркістан облысында - 45.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде барлығы 219 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, 218 класс карантинге жабылғаны анықталған еді.
Одан бөлек, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеген болатын.
Үкімет отырысында келтірілген мәліметтерге сенсек, елде инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 48 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдайтын стандартты бейіндік режимге көшірілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932286-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/