Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында Екатеринбург аудандарының циклоны әсерінен жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

16 қыркүйекте батыста түнде 3-11-ден 1-9-қа дейін сынап бағанасы төмендейді. Күндіз 15-23 градустан 10-18 гардусқа дейін, солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік жүреді. Күндіз 17-25-тен 10-17 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді, солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді. Облыстың орталығы мен шығысында ауа райы 5-15 градус жылы болады, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932288-qazaqstanda-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/