RU

SpaceX зымыраны туристермен бірге орбитаға жетті (видео)

Жер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғарышқа ұшу тарихында тұңғыш рет туристер орбитаға аттанды. Inspiration4 экипажы орбитаға жетті деп хабарлайды CNN.

SpaceX зымыраны NASA Кеннеди ғарыш орталығынан 15 қыркүйекте АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақыты бойынша 20:03-те ұшырылды (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16 қыркүйекте сағат 06:03-те).

Экипаж құрамында келесілер бар:

- сапарды жеке қаржыландырған 38 жастағы миллиардер Джаред Исаакман;

- Сент-Джуд дәрігерінің қазіргі көмекшісі, бала кезінде қатерлі ісік ауруын еңсерген Хейли Арсене;

- геолог, жергілікті колледж оқытушысы, философия докторы Сиан Прокто;

- онлайн лотереяның арқасында орбитаға билет ұтқан Lockheed Martin компаниясының 42 жастағы қызметкері және ғарыш әуесқойы Крис Семброски.

Жолаушылар Crew Dragon капсуласында үш күн болады. Олар NASA TDRS байланыс жүйесін қолдана отырып, отбасыларымен сөйлесуге мүмкіндік беріледі, сонымен қатар олар эксперименттер жүргізетін болады.

Экипаж сонымен қатар орбитаны Copula деп аталатын үлкен күмбезді терезе арқылы көре алады. Мұндай атау Халықаралық ғарыш станциясындағы бақылау терезесіне де берілген болатын. Барлығына Жер мен ғарышты тамашалауға жеткілікті уақыт беріледі.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттің корпорациясы миллиадерлер Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безосты Байқоңырға шақырғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932298-spacex-zymyrany-turistermen-birge-orbitaga-zetti-video/