Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі: Серік Шәпкенов мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ақша теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай мәлімдемені министр сенаттың жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде жасады.

"Негізгі тұжырымдамалық жаңалықтарға тоқталсақ, құжатта себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қаралған. Қазіргі уақытта I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі жанның арасынан әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Яғни басқа адамның көмегіне зәру, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын мүгедек жандар", - деді Шәпкенов.

Осы орайда заң жобасын қабылдау нәтижесінде сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам қосымша күтім бойынша жәрдемақымен қамтылады.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік жәрдемақы алуға қатысты жағымды жаңалық жарияланған еді. 2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап әлеуметтік төлемнің үш түрін тіркелген мекенжайға қарамастан алуға болады.

Одан бөлек, елімізде жұмысынан айырылған адамға төленетін жәрдемақы көлемі жарияланған болатын.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932317-elimizde-zana-zardemaqy-turi-engiziledi-serik-sapkenov-malimdeme-zasady/

pixel