Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның бес өңірі "сары" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

16 қыркүйектегі жағдайы бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан облысы "жасыл аймақта".

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус бойынша 15 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми мәліметтерді COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жария етті.

Ресми мәліметтерге сенсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3 343 жағдайы тіркелген. Нәтижесінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 851 661-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932324-koronavirus-qazaqstannyn-bes-oniri-sary-aimaqta/

pixel