Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Медеуде 30 жылдан астам уақыт өткізіліп келе жатқан жарыс өтпейтін болды

Опубликовано:

Медеу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 18 қыркүйек күні Медеуде өтуі тиіс болған дәстүрлі жүгіру шарасы өткізілмейтін болды. Іс-шара қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес өткізілмейді. Бұл туралы әкімдік хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұқаралық спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2021 жылдың 18 қыркүйегінде дәстүрлі "Медеу-Баспалдақ" іс-шарасын өткізу жоспарланған болатын (1988 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді).

2021 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысымен "Медеу-Баспалдақ" жүгіру іс-шарас өткізілмейді", - деді әкімдік.

Сонымен бірге, ведомство іс-шараға 500-ге жуық адам қатысуы керек болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932333-koronavirus-medeude-30-zyldan-astam-uaqyt-otkizilip-kele-zatqan-zarys-otpeitin-boldy/

pixel