Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірін аяған жоқ": Алматы облысында бір топ ер адам тас жолдың бойында төбелесті (видео)

Опубликовано:

Жанжал
Видеодан кадр: instagram.com/krispi.almaty

Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда ер азаматтар арасындағы жанжалдың Алматы облысында орын алғаны айтылған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кадрдан жастардың тас жолдың бойында сөзге келіп қалғаны бейнеленген.

Сонымен қатар, олардың бірінің тас лақтырғаны да роликте анық көрінеді.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 қыркүйек күні 15.20 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жаппай төбелес туралы хабарлама түскен.

Онда жанжалдың Алматы-Жандосов тас жолының бойында, Қырғауылды ауылында болғаны айтылды.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тексеру барысында екі алматылық пен Қырғауылды елді мекенінің тұрғындарының арасында текетірес болғанын анықтады.

Ведомство жанжалдың 25 жастағы қатысушысының түрлі жарақатпен ауруханаға түскенін хабарлады.

Қалғандары полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932335-bir-birin-ayagan-zoq-almaty-oblysynda-bir-top-er-adam-tas-zoldyn-boiynda-tobelesti-video/

pixel