RU

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Ақша
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті. Бұл туралы комитеттің ресми сайтында хабарланды.

Оған қатысы бар адамдар тұрғын үй пәтерінде жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын "жасырын" цех ашқаны анықталды, оларды короновирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшалай сыйақы үшін ұсынған.

Мөрлер
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды", – делінген комитеттің хабарламасында.

Осы факт жөнінде қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігі – адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932345-uqk-zansyz-kosi-qon-arnasynyn-zolyn-kesti/