Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған мектебіндегі ашық әжетханалар елдің қызу талқысына түсті (фото)

Опубликовано:

Талдықорғандағы мектеп әжетханасы
Фото: Facebook/Талдыкорганец

Талдықорғандағы Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының әжетханасы желіде талқыланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талдыкорганец паблигінде жария болған суреттен әжетханалардың бір-бірінен қалқаланбағанын, жеке кабиналардың жоқ екенін байқауға болады. Қоғам белсендісі Қайрат Абдрахманның сөзінше, оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігінен аталған мәселені тез арада шешіп беруді талап етіп отыр.

"Бұл Талдықорғандағы Абай мектебіндегі таңғажайып жаңа әжетхана. Қандай бассыздық! Қажетін өтегенде адамдар қорықпасын, бір-бірінің қолынан ұстап отырсын деп жасалған тәрізді. Оқушыларға арналған достық әжетханасы. Барлығы ортақ. Бір-бірімізден жасыратынымыз жоқ.

Ал шынын айтсақ, бұл балаларды нағыз қорлау. Оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігінен тез арада мәселені шешіп беруді талап етеді. Ал әкімдік оны қадағаласын, әйтпесе министрлікті іске араластыруға тура келеді", - деп ескерту жасады Қайрат Абдрахман мектеп басшылығына.

Желідегі шуға байланысты Талдықорған қаласы білім бөлімі жауап берді.

"Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жүргізіліп, 1 қыркүйекте ашылды. Әжетханаларда кабина орнату жұмысы Талдықорған қаласының білім бөлімінің бақылауында. Қазіргі уақытта аралық қабырға орнатылу үстінде, бұрынғы аралық қабырғалар техникалық қадағалау ескертпесіне сай қайта жасалды. Бұл мәселе 17 қыркүйекке дейін шешіледі", - деп уәде етті білім бөлімі.

Ведомство мектепте жөндеуге дейін 2 әжетхана болғанын, ал қазір 5 әжетхана орнатылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932348-taldyqorgan-mektebindegi-asyq-azetxanalar-eldin-qyzu-talqysyna-tusti-foto/

pixel