Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қостанайда оқушы екпеден кейін көз жұмды": Желіде тараған аудиожазба жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанайлықтар мессенджерде коронавирусқа қарсы салынған вакцинадан кейін бір оқушының көз жұмғаны туралы аудиожазба таратып жатыр. Бұған қатысты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды alau.kz порталы.

"Барша жерлестер, бұндай жалған ақпарат таратуды тоқтатыңыздар. Адекватты болайық. Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды. Қостанай мектебінде екпеден кейін оқушы көз жұмды деген ақпарат - шындыққа сай келмейді. Құқық қорғау саласының қызметкерлері жақын арада жалған ақпарат таратқан адамның жеке басын анықтайды деген сенімдеміз", - деді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты өңірдің полиция департаменті де пікір білдіруді ұмытқан жоқ.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жұртты дүрліктіріп, көрінеу мәлімет таратқан адам іздестіріліп жатыр.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 274-бабында көзделген "Біле тұра жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген хабарламада.

Бұл бапта бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не бір жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932366-qostanaidy-oqusy-ekpeden-keiin-koz-zumdy-zelide-taragan-audiozazba-zurttyn-zaresin-aldy/

pixel