Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті тағайындалды

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда әуежай президенті ауыстырылды. Алп Ер Тунга Ерсой әуе айлағының жаңа басшысы болды. Бұл туралы KASE қор биржасының сайтында хабарланды.

"Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Эркал Кадри Мете – президент алынып тасталды; Алп Ер Тунга Ерсой президент тағайындалды", – делінген биржа сайтында.

Еске сала кетейік, Түркияның TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайының жүз пайыз акциясын 415 миллион долларға сатып алған еді.

Ведомство мәліметінше, TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан кем болмаған.

Алдағы уақытта құжаттардың барлығы заңды түрде реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ. Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде он бесінші болып тұрғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932377-almaty-xalyqaralyq-auezaiynyn-zana-prezidenti-tagaiyndaldy/

pixel