Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз біреулер Жезқазған маңындағы қыстауға шабуыл жасап, ұлы мен әкесін соққыға жыққан

Опубликовано:

Мал бағып жүрген ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Белгісіз біреулер Жезқазған маңындағы қыстауға шабуыл жасап, екі ер адамды соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын Polisia.kz сайты хабарлады.

Басылымның жазуынша, 11 қыркүйекте Жезқазған полиция басқармасына белгісіз біреулер қыстауға шабуыл жасады деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.

Анықталғандай таңғы сағат 7.30 шамасында қыстауда кенеттен екі ер адам пайда болған. Олар 52 жастағы ер адам мен оның 23 жастағы ұлын ұрып-соғып, қашып кеткен.

Зардап шеккендердің бірі Жезқазған ауруханасына жеткізілген. Полиция шабуылдаушылардың УАЗ көлігімен жүргенін анықтады.

Кейін 32 және 35 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында болған еді.

Шөп тиелген жүк көлігімен келе жатқан әкесі мен баласына жолда қарақшылар шабуыл жасап, соққыға жыққан болатын.

Абырой болғанда оларға жол-патрульдік полиция қызметкерлері көмекке келіп, араша түскен. Әкесі мен баласы ауруханаға жеткізілген.

Ал зардап шеккендердің туыстары полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, арнайы алғысхат жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932417-uly-men-akesin-uryp-soqqan-zezqazgan-manyndagy-qystaqqa-sabuyl-zasaldy/

pixel