RU

Ақтөбе облысында 6 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

Ұстау сәті
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақтөбе облысында алты адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топ Мұғалжар өңірінде мал ұрлығымен айналысқан, кейін ұрланған малды Ақтөбе мен Қандыағаш базарларында сатқан.

"Құрамында 6 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі уақытта олардың Мұғалжар өңірінде мал ұрлығы бойынша 5 іске қатысы бар екендігі дәлелденді", – дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Құзырлы орган алты күдіктінің ұрланған малдың кезекті партиясын сату кезінде ұсталғанын атап өтті. Полицейлер олардан 6 бас ірі қара мен "ГАЗель" көлігін тәркілеген.

Қазір күдіктілердің облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-1 бабының 2-бөлігі бойынша (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

5 күдікті Ақтөбе полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлады деп күдіктелген азамат қолға түскен болатын.

Айта кетерлігі, ер адам малды көлік салонының артқы орындығына салып алған. Оны полицейлер кезекті ұрлық үстінде ұстады.

Күдікті еркін жайылымнан мал ұрлап, ұрланған малды сатып алушы табылмайынша тірі күйінде ұстауды әдетке айналдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932445-aqtobe-oblysynda-6-adamnan-turatyn-qylmystyq-top-ustaldy/