Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады (фото)

Опубликовано:

Марапаттау сәті
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Спортшыларға тұрғын үй қорынан "Нұрсат" шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілген.

Айта кетейік, каратэ Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілді. Осылайша Дархан Асәділов пен Софья Берульцева каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр.

Одан бөлек, ел үмітін ақтаған каратэшілер "Құрмет" орденімен марапатталған болатын.

Мемлекеттік награданы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстаған еді.

Жиналыс
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Дарханчик11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Софа қыз11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932454-symkent-akimi-olimpiada-zuldegerlerine-pater-kiltin-tabystady/

pixel