Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақинаны өздігінен шеше алмаған қостанайлық жеткіншек құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды (фото)

Опубликовано:

1
Фото: kstnews.kz

Қостанайда қолындағы сақинаны өздігінен шеше алмаған қостанайлық жеткіншекке құтқарушылар көмекке келді деп хабарлайды Костанайские новости өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 16 жастағы жеткіншек 112 нөміріне хабарласып, саусағындағы металлдан жасалған сақинаны шеше алмай жатқанын айтқан.

Құтқарушылар тез арада мекенжай бойынша келген. Олар жеткіншектің сақинаны күн бойы тағып жүргенін анықтаған. Салдарынан оның саусағы қызарып, ісіп, ауыра бастаған.

ТЖД қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен сақинаны шешіп алған. Зардап шеккен балаға медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл өңірдегі бірінші жағдай емес. Сондықтан, зергерлік бұйым сатып аларда өлшеміне мұқият назар аударған абзал.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ойын алаңында ойнап жүрген бала қолын темір заттың тесігіне салып, қайта шығара алмай қалған еді.

Темірдің тесігі өте тар болғандықтан көмекке құтқарушылар келген.

Одан бөлек, Қарағанды облысы Приозерск қаласында құтқарушылар металл дуалдың арасында басы қысылып қалған қыз баланы құтқарып қалған болатын.

Белгілі болғандай 2017 жылы туған қыз бала басын металл шарбақтардың арасына кіргізген. Салдарынан бала не алға, не артқа шыға алмаған. Ересектер де қыз балаға өз бетінше көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларға жүгінген.

Олар темір шарбақты кесіп, бүлдіршінді құтқарып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932460-saqinany-ozdiginen-sese-almagan-qostanailyq-zetkinsek-qutqarusylardy-saqyrdy-foto/

pixel