Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы қаладағы шығаберісте ұзын-сонар кептелістің неден туындағанын түсіндірді

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram/ astana_sergek

Нұр-Сұлтан қаласының шығаберісінде ұзын-сонар кептеліс болды. Қала полициясы оның себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аstana_sergek парақшасында жарияланған видеода бір шақырымға жалғасқан кептелісті байқауға болады. Ал ұзын-сонар тізілген көліктердің алдында бірнеше патрульдік автокөлік тұр.

Полиция жүргізушілердің жолда кідіруіне "Ұстау" жоспары себеп болғанын хабарлады.

"Осы жылдың 16 қыркүйегінде елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасалды. Осыған байланысты күдіктіні ұстау мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қаланың шығаберістерінде бекеттер қойылып, "Ұстау" операциясы жарияланды", - дейді NUR.KZ тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство күдікті қолға түскенін, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында алты адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталған еді.

Қылмыстық топ Мұғалжар өңірінде мал ұрлығымен айналысқан, кейін ұрланған малды Ақтөбе мен Қандыағаш базарларында сатқан.

Құзырлы орган алты күдіктінің ұрланған малдың кезекті партиясын сату кезінде ұсталғанын атап өтті. Полицейлер олардан 6 бас ірі қара мен "ГАЗель" көлігін тәркілеген.

Қазір олардың бесеуі Ақтөбе полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932464-nur-sultan-policiyasy-qaladagy-sygaberiste-uzyn-sonar-keptelistin-neden-tuyndaganyn-tusindirdi/

pixel