RU

Алматыда жаппай жол апаты болды: Бір адам зардап шекті

1
Фото: © Sputnik / Стрингер

Алматыда Наурызбай батыр - Мәметова көшелерінің қиылысында үш көлік жол апатына ұшырады. Көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Toyota Camry көлігі Наурызбай батырдың бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Мәметова көшесіне жетпестен, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кесіп өткен.

Соқтығысып қалмау үшін ол рөлді бұрып жіберген, содан Toyota Camry бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған. Осыдан кейін Toyota Camry көлігі сырғып барып, аударылып қалған.

2
Фото: Sputnik/ Стрингер

Volkswagen Polo автокөлігі алдындағы Toyota Gracia көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы жарақат алған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

3
Фото: Sputnik Қазақстан/ Абзал Қалиев

Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні сағат 01:48-де Маңғыстау облысындағы тас жолда Lexus LX 470 көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тауып, тағы төрт бала түрлі жарақат алған.

2011, 2012 және 2019 жылы туған балалар жедел жәрдемді күтпестен, Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, ал үшіншісін орташа ауыр деп бағалап отыр.

Тағы бір зардап шеккен 2013 жылы туған бала жолдағы көліктердің бірімен Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932468-almatyda-zappai-zol-apaty-boldy-zardap-sekkender-bar/