jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтар білім саласындағы мәселелерге қалай шағымдана алатыны белгілі болды

Ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын іске қосып жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Қыркүйек айында 3,6 миллион оқушы, 400 мыңға жуық мұғалім, 600 мыңға жуық студент және 35 мыңнан астам оқытушы үшін жаңа оқу жылы басталғандықтан, осы кезеңде білім беру саласына қатысты мәселелер аса өзекті болып отыр. Жедел желі телефондары ел азаматтарының Комитет пен аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне түрлі проблемалар туралы хабарлауы үшін жұмыс істейтін болады.

Бұл мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға тарту, мектеп дәретханалары, бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары, қауіпсіздік жүйесінің басқа элементтері, жатақханаларға қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін.

Сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер және бұл мәселелерге бей-жай қарамайтын адамдар WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы 8-705-206-59-32 нөміріне қауіпсіздік жүйелерінің, мектеп дәретханаларының, жатақханалардағы жағдайлардың талаптарға сәйкессіздігі туралы фото және бейнематериалдарды жібере алады.

Мектептерге қатысты мәселелер жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады, өйткені қаржыландыру функциялары, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық мәселелер әкімдіктердің құзырында.  Сонымен қатар осы өтініштердің барлығы проблемалар түпкілікті жойылғанға дейін Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің бақылауында болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.