Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік суық антициклонның әсерінен елімізде алдағы күндері күн райы жауын-шашынсыз, әрі салқын болады.

Мамандардың мәліметінше, ауа температурасы алдымен батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында төмендейтін болады.

Тек демалыс күндерінің басында ғана еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады және жел күшейеді.

Ал республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды. Түнде 1-13 градус жылы болып, күндіз 13-20 градустан сынап бағанасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде -3 градусқа дейін суық болады, ал күндіз 7-15 градус жылы болмақ.

Шығыс өңірлерде түнде сынап бағанасы плюс 10-18 градустан 2-10 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 10-18 градус жылы болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 17-25 градусқа дейін жылы болады.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялаған еді.

Оған сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел тұрып, үсік жүруі ықтимал. Одан бөлек, Маңғыстау облысын шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932532-elimizde-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel