Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада тыйым салынған аудиоматериалдарды сақтаған азаматтың басы дауға қалды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған қызылордалық тұрғынға айыппұл салынды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде деструктивті діни ағымды ұстанатын 40 жастағы облыс тұрғыны анықталған.

Ол ел аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған.

Оған қатысты әкімшілік кодекстің 453-бабының 1-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде 4 адамның экстремистік сипаттағы аудио және видеофайлдарды таратқанын анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932533-qyzylordada-tyiym-salyngan-dini-mazmundagy-audiomaterialdardy-saqtagan-azamattyn-basy-dauga-qaldy/

pixel