Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үштөбе әкімінің адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткені рас па: Қала әкімі пікір білдірді

Опубликовано:

Әкім
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысында орналасқан Үштөбе қаласының әкімі көлігімен әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген қауесет тарады. Бұған қатысты Сағымбек Карбузовтың өзі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үштөбе тұрғындары әлеуметтік желіде қала әкімі көлігімен әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан кетті деген ақпараттық хабарламаны талқылап жатыр.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында үнсіздік. Полиция басқармасы да тыныш. Мүмкін, бұл расында өсек шығар?" - деді олар.

Ел арасында кеңінен тараған қауесетке қатысты Үштөбе әкімі жауап берді.

"Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары! Мен, Үштөбе қаласының әкімі Сағымбек Карбузов, ел арасында "көлікпен әйелді қақты" деп тараған қауесеттің шындыққа жанаспайтынын және менің ар-намысыма, қадір-қасиетіме және іскерлік беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат екенін ресми түрде хабарлаймын.

Мен өз кезегімде қауесет таратқан жанның үстінен арыз жазу мәселесін қарастырып жатырмын.

Тұрғындардан қауесет пен болжамдарға сүйеніп, дәлелді дереккөзі жоқ арандатушы басылымдарға сенбеуді сұраймын", - деді Сағымбек Карбузов.

Бұл жазбаға байланысты Қаратал ауданы әкімдігі де пікір білдірді. Олар да таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізген.

"Біз бұның жай ғана қауесет екенін растай аламыз. Ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Үштөбе қаласының әкімі ешкімді қаққан жоқ", - деді Қаратал ауданың әкімінің баспасөз хатшысы Нұржас Байназаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932536-ustobe-akiminin-adam-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketkeni-ras-pa-qala-akimi-pikir-bildirdi/

pixel