Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа жол ашатын олқылықтарды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, денсаулық сақтау министрлігінің екі комитетінде 138 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Олардың ішінде 4 категория жеке-жеке бөлінген.

Бірінші - мақсаттық көрсеткіштердің жетілмегендігі.

"Пациенттердің медициналық көмек сапасына қанағаттануы" нәтижелерін "қолмен" өзгерту арқылы бұрмалануының жоғары тәуекелі белгіленді. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша объективті көрініс бермейді.

Екінші - дәрі-дәрмектің бағасын жасанды түрде көтеру тәуекелі басым.

Баға өтініш берушінің тексерілмеген ақпаратына немесе оның коммерциялық ұсынысына байланысты қалыптасады. Дәрі-дәрмектердің бағасына олар болмаған кезде де маркетингтік шығындарды қосуы мүмкін. Қолданыстағы көтерме-бөлшек сауда ережелері бағаны 30%-ға қосымша арттыруға мүмкіндік береді.

Үшінші - медициналық қызмет сапасына сырттай сараптама нәтижелерінің заңсыздығы.

Медициналық қызметтердің сапасын бағалау үшін жүргізілген 147 тексеру кезінде сырттан сарапшылар шақырылмаған.

Сараптама қорытындыларын уәкілетті емес адамдар жасағаны анықталды. Оған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен заңға тәуелді акті арасындағы қайшылық себеп болған.

Төртінші - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылау және қадағалау функциясындағы тәуекелдер.

Эпидемиологиялық мониторинг және камералдық бақылау саласы цифрландырылмаған. 600 миллион теңгеге сатып алынған планшеттер мен мобильді принтерлер әкімшілік практиканы автоматтандыру үшін пайдаланылмайды. Бақылау құжаттары қолмен қалыптастырылады, бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932573-aktikor-densaulyq-saqtau-zuiesindegi-sybailas-zemqorlyq-tauekelderin-atady/

pixel