RU

Шымкентте Диана ханшайымның сыңары табылды (видео)

Надежда Лукьянова
Надежда Лукьянова. Фото: Отырар телеарнасы

Шымкентте Диана ханшайымның сыңары табылды. 36 жастағы Надежда Лукьянованы көпшілік ханзада Чарльздің бірінші әйеліне ұқсатып, бірге суретке түсуді өтінеді екен деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент тұрғынының тек сырт келбеті ғана емес, мінезі де Диана ханшайымға ұқсайтын көрінеді. Ол қайырымдылықпен айналысып, адамдарға ғажайыптың бар екенін жеткізгісі келеді.

Надежда Лукьянова өзіне көпшіліктің жиі таңырқай қарайтынына үйренісіп қалғанын айтады. Тіпті адамдар селфи жасауды өтінеді екен.

"Диана ханшайымға ұқсайтынымның арқасында менде көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру ниеті пайда болды", - дейді Надежда Лукьянова.

Сондай-ақ ол ертегі жазып, сурет салып, ойыншық жасайды. Бақытты әйел және үш баланың анасы.

Сонымен бірге Надежда әлеуметтік желіде де белсенді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932593-symkentte-diana-xansaiymnyn-synary-tabyldy-video/