Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда 26 пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің ісін тергеу бас прокуратураға тапсырылды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Тәжікстан президентінің атқару аппараты елдің бас прокуратурасына пышақ жарақатынан қаза болған Файзабад ауданы тұрғынының өлімінің себебін зерттеуді тапсырды деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Файзабад аудандық прокуратурасы шілде айында денесіне 26 рет пышақ сұғылған Манора Абдуфаттохтың өлімін суицид деп атаған. "Өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ күдіктілер жоқ.

25 жастағы Манора Абдуфаттохтың сүйегі 22 маусымда өзі тұратын пәтерде табылған. Ол күйеуінен кетіп, сол жерде балаларымен тұрған. Қайғылы оқиға кезінде пәтерде үш баласы болған. Үлкені бес жаста, кішісі алты айлық.

Суицид туралы қорытындымен келіншектің туыстары келіспейді. Олар 17 шілдеде тәжік президентінің атына хат жазып, істі жіті зерттеуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932644-tazikstanda-26-pysaq-zaraqatynan-koz-zumgan-aieldin-isin-tergeu-bas-prokuraturaga-tapsyryldy/

pixel