RU

Қазақстан білім беру сапасы бойынша Қытай мен Малайзиядан озды

Мектеп
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

"CeoWorldMagazine" журналы білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингісін жариялады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім және ғылы министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылы 10 мамырда америкалық "CeoWorldMagazine" журналы дайындаған "білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингі" туралы мәліметтерді жариялаған.

"Бұл "рейтингте" Қазақстан Қытай, Малайзия және Әзербайжан сияқты елдерден озып, Ресей мен Қырғызстаннан кейінгі 62-орынға жайғасқан", - делінген хабарламада.

"Рейтингтің" ресми мәліметтер мен елдердегі білім сапасын зерттеу негізінде емес, студенттер, өнеркәсіпшілер, бизнес өкілдері және арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалғаны белгілі болды. 

Сонымен қатар басылым білім алу үшін елдерді таңдағанда тек осы "рейтингті" ескермеу керегін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932655-qazaqstan-bilim-beru-sapasy-boiynsa-qytai-men-malaiziyadan-ozdy/