RU

Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы 11 жылға сотталды

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Тексеру қорытындысын бұрмалап жазғаны үшін 30 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы 11 жылға сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпарат алаңында агенттіктің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров осы үкімнің мән-жайын түсіндірді.

"6 қыркүйекте Қызылорда қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" РММ басшысының міндетін атқарушы Т.Аптикаликов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тобының жетекшісі С. Пазыловқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Т.Аптикаликов С.Пазылов арқылы серіктестіктің экологиялық заңнама талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілген кешенді тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін жеке компания директорынан 30 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген", - деді Данияр Бегайдаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932656-qyzylorda-oblysy-ekologiya-departamentinin-bassysy-11-zylga-sottaldy/