Бекшин жаңа қаулыға қол қойды: Енді Алматыда не өзгереді
Опубликовано:

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шектеулерi туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат мегаполистің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, делінген құжат мәтінінде.
Оған сәйкес, демалыс күндері барлық Ashyq нысаны үшін сағат – 00.00 дейін, Ashyq көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда қызметкерлер мен клиенттерде "жасыл" мәртебе болуы қажет.
Жұмыс күндері де барлық Ashyq нысандары 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 02:00-ге дейін қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Ashyq көшбасшыларына келесі жеңілдіктер беріледі: "қызыл" аймақта олар "сары" аймақтың шарттарымен жұмыс істейді.
Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932665-beksin-zana-qaulyga-qol-qoidy-endi-almatyda-ne-ozgeredi/