RU

Францияда вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Францияда үш мыңға жуық медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Себебі олардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған деп хабарлады ҚазАқпарат.

Үкіметтің дәрігерлер үшін міндетті екпе жасау туралы өкімі бірнеше апта бұрын белгілі болған. Алайда көпшілік биліктің сөзден іске көшетініне толық сенбеді.

Кәсіподақтар кадр тапшылығы мәселесін айтуда. Билік жағдай бақылауда деп сендіреді. Бірақ кейбір ауруханаларда шұғыл шаралар қабылдауға тура келді.

"Біз бөлімшелердің секцияларын жабамыз, штаттан тыс қызметкерлерді тартамыз, медицина қызметкерлерінен артық жұмыс істеуді сұраймыз", – деді жергілікті емханалардың бірінің өкілі.

Үш мың медицина қызметкерінің келісімшартын уақытша тоқтату – бұл жалпы Еуропа үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Францияда вакцина салдыруға қарсы наразы топқа шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.

Тулуза қаласында "вакциналау паспорты керек емес" деген наразы топ екпе салдырғандардың қарсылығына тап болып, соққыға жығылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932667-franciyada-vakcina-saldyrmagan-us-myn-medicina-qyzmetkeri-zumyssyz-qaldy/