Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шенеунік пара алғаны үшін ұсталды

Опубликовано:

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің бөлім басшысы ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің бастығы Воропаевтың "Қазақ саңыраулар қоғамы" директорынан пара алу кезінде ұсталғанын хабарлады.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, олар ақшаны мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстарға қатысты жалған құжаттарға қол қою үшін аударылды. Пара 3,7 миллион теңгені құрады.

Сот Воропаевқа қатысты "Қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын таңдады. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекеті әшкере болған еді.

Шенеунік ЖШС директорынан кәсіпкерлер пайдасына іс-әрекеттер жасағаны және олардың мұнай қалдықтарын өңдеу саласындағы қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін бұрын келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932668-almatyda-seneunik-para-algany-usin-ustaldy/

pixel