Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы қыз басқа қаладан табылды

Опубликовано:

жасөспірім қыз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері Instagram парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еріктілердің мәліметінше, 18 қыркүйек күні түнгі сағат 02.23-те іздестіру жұмыстары тоқтатылған. Себебі Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері жасөспірімді Есік қаласынан дін аман тапқан.

Оқушы қыз ата-анасына берілген. Олар бірге Қарасай ауданында тұратын үйіне аттанған.

"Іздестіру жұмыстарына атсалысқан және ақпарат таратқан барлық адамдарға алғыс айтамыз", - деп жазды LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері.

Еске сала кетсек, Зоя Яркова 16 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы мектептен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған еді.

Анасы Зояның жоғалуына оның жаңа танысы себепкер болуы мүмкін екенін де айтқан болатын.

Одан бөлек, елордада 27 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Данияр Қуанышұлы 16 қыркүйек күні сағат 02:45 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Оның қайда екені белісіз.

Жігіттің бойы 193 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде қара жеңіл күрте, қызыл жеңіл жейде, қою көк түсті джинсы, аяғында ақ-қара түсті кроссовка бар. Полицияның мәліметінше, ер адам денсаулығына байланысты есепте тұрады.

Сонымен қатар, Атырауда 34 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын да хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932685-almatyda-zogalyp-ketken-14-zastagy-qyz-basqa-qaladan-tabyldy/

pixel