Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросындағы екі бекеттің атауы өзгертілуі мүмкін

Опубликовано:

метро Алматы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгерту ұсынылды. Олардың біріне Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты.

"Достық" стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы тиіс стансаға "Қарасай" атауын беру ұсынылды", - дейді қала әкімі.

Айта кетейік, "Достық" бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оны осы жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Мұнда екі вестибюль мен алты кіру есігі болады.

Ал "Западный" автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932702-almaty-metrosyndagy-eki-bekettin-atauy-ozgertilui-mumkin/

pixel