Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда дала өртін сөндіру кезінде зардап шеккен үш адамның бірі қайтыс болды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қарағанды облысы Қарақаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде зардап шеккен үш адамның бірі қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылымның жазуынша, 48 жастағы ер адам Қарқаралы орталық аудандық ауруханасында көз жұмған.

"Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90 пайызын күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың денесінің 28 пайызын күйік шалған, үшіншісінде - 18 пайыз күйік. Олардың жағдайы тұрақты", - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағындағы Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 6 табиғи өрт сөндірілді. Одан бөлек, 18 қыркүйекте Ақтоғай ауданында 300 га алаңда табиғи өрт ауыздықталған.

Жалынды сөндіруге барлығы 339 адам және 94 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1932724-qaragandyda-dala-ortin-sondiru-kezinde-zardap-sekken-us-adamnyn-biri-qaitys-boldy/

pixel