Елімізде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны азайды
Опубликовано:

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы ресми ақпаратты Coronavirus2020.kz өз Telegram-каналында жария етті.
Елімізде өткен тәулікте 2781 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, дертті жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, өткен жолғы көрсеткішпен салыстырғанда 18 қыркүйекте дертті жұқтырғандардың саны 120 адамға азырақ болып отыр. 17 қыркүйекте коронавирус жұқтырудың 3081 жағдайы тіркелген болатын.
Өткен тәулікте коронавирус ең көп таралған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастады. Сондай-ақ, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында да дертті жұқтырудың жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 302
Алматы қаласы - 577
Шымкент қаласы - 109
Ақмола облысы - 130
Ақтөбе облысы - 146
Алматы облысы - 245
Атырау облысы - 89
Шығыс Қазақстан облысы - 103
Жамбыл облысы - 63
Батыс Қазақстан облысы - 85
Қарағанды облысы - 374
Қостанай облысы - 124
Қызылорда облысы - 67
Маңғыстау облысы - 16
Павлодар облысы - 210
Солтүстік Қазақстан облысы - 86
Түркістан облысы - 55
Жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 860424 адамды құрап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932739-elimizde-taulik-isinde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-azaidy/