Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде 17 қыркүйек күні COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан қанша адам қайтыс болғаны анықталды.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі өзінің ресми Telegram-каналында COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан тәулік ішінде 61 адам адам қайтыс болғанын жария етті.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, 17 қыркүйектегі жағдай бойынша бір тәулікте 56 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Тағы 5 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Нәтижесінде 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 17 қыркүйегіне дейін коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 10 726 адамды, ал коронавирустық пневмониядан көз жұмғандардың жалпы саны 4 734 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны азайғаны туралы жазған едік.

Өткен тәулікте коронавирус ең көп таралған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастады. Сондай-ақ, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында да дертті жұқтырудың жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932742-qazaqstanda-taulik-isinde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qansa-adam-qaitys-boldy/

pixel